2024 жылғы 23 сәуірден бастап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады.
Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын онлайн қайта рәсімдей алады.
Енгізілген жаңашылдықтар көлік құралдарын тіркеу және есепке алу, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енуінің арқасында мүмкін болды. Бұл әкімшілік процестердің тиімділігін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.
Өзгерістер "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне негізделіп, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен әзірленді. Қағидаға барлығы 53 түзету енгізілді.
"Азаматтарға арналған үкімет" барлық көлік иелері мен жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерді жаңа ережелермен танысуға кеңес береді.
Жаңартылған ережелердің толық мәтінімен порталда танысуға болады.