18+

Оқушылар "Өз ағашыңды өсір" акциясында белсенді

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясымен тұспа – тұс келген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің іс – сапары, Жамбыл ауданында жалғасты.

Бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап шыққан өңір басшысы, Ұзынағаш ауылындағы № 1 мектеп-лицейіне келіп "Өз ағашыңды өсір" атты игі шараға қатсып, мектеп оқушылары мен бірге ағаш тұқымын отырғызды.

"Қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгін "Жасыл аймақ" бағыты бойынша мектеп оқушылары мен ұжымдарының бастамасымен өңірімізде "Өз ағашыңды өсір" атты тұқымнан ағашты отырғызу акциясы ұйымдастырылып отыр. Оған білім ордаларындағы 340 мыңнан астам оқушының барлығының қатысуы – оның жалпы бұқаралық сипатын көрсетуде.

Осы арқылы біз Президентіміздің орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу бойынша тапсырмасын орындауға өз үлесімізді қосып отырмыз.

Бұл акцияның тәрбиелік мәні өте жоғары. Туып-өскен жерімізді, өз өлкемізді көгалдандыру, жасыл желекке орауға мүмкіндік береді.

Осындай игі іс-шаралар біздің ауызбіршілігімізді айқындап, елдігімізді көрсетері анық. Ендеше барлық атсалысқан жерлестеріміз бен бүлдіршіндерімізге алғысымды білдіремін", - деді Марат Сұлтанғазиев.

Углеродные поглощения
22:34, 19 ноября
Назначение
15:54, 19 ноября