2024 жылғы 28 сәуірде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанағазиевпен Сингапур Республикасы Парламентінің Спикері СЕА Киан Пэн мырзаның кездесуі өтті, деп хабарлайды Qonaev-gorod Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев пен "Алатау" АЭА басшысы-Саурбек Жәнібек өңір туралы және "Alatau city" жобаларын таныстырды.
Тараптар экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазақстанның Сингапурмен тығыз ынтымақтастығы Алматы облысымен қарым-қатынастың дамуына да оң әсерін тигізді. Екі тараптың өзара іс – қимылының қысқа мерзімді жоспарларында туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту, ұзақ мерзімді жоспарларда баламалы энергетика, ТҮКШ, білім беру және ауқымды инвестициялық жобалар болып табылады.
Мысалы, қазіргі уақытта сингапурлық "Surbana Jurong" компаниясымен бірлесіп "Алатау" интеграцияланған қаласын салу туралы жоба бойынша жұмыс жалғасуда. Алматы облысындағы "Алатау" интеграцияланған қаласын дамыту тұжырымдамасына сәйкес жоба төрт тақырыптық ауданнан тұрады. Алатау қаласында шамамен 2,2 млн адам тұрады деп болжануда.
Екіжақты инвестициялық ынтымақтастық айтарлықтай өсуде, түрлі бағыттарда жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Өткен жылы елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастар 30 жылдығын атап өтті. Тараптар жаһандық бастамаларға өзара қолдау көрсетеді.
Анықтама үшін: Екі елдің тауар айналымының көлемі 2023 жылғы жағдай бойынша 1,6 млрд долларды құрады. АҚШ экспорты – 1,5 млрд доллар, импорт – 75 млн доллар.
2023 жылдың желтоқсан айында ҚР-да Сингапур капиталының қатысуымен филиалдар мен өкілдіктерден 143 заңды тұлға тіркелген. Соңғы үш жылда елдер арасындағы тауар айналымы 16 есеге өсті.