Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаладағы жерлерді тиімді әрі мақсатты пайдалану, бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару – басты міндет. Қонаевта да аталған бағыттағы жұмыстар жүріп жатыр.
Қазіргі таңда мәселе туындап отырған бірнеше жер учаскелері бар. Мысалы, 18 шағын ауданда мәдени-ойын-сауық орталығына арналған жердің нысаналы мақсаты тұрғын үй құрылысына өзгеріп кеткен. Қазір мұнда аумағы 0,10 гектардан 6 жер иесі бар.
Бұған дейін осы жердегі ағаштарды кесу және құрылыс жұмыстары әкімдік тарапынан тоқтатылған болатын. Бұл мәселені жер иелеріне басқа шағын ауданнан жер беру арқылы шешу көзделіп отыр.