6 мамыр "Мөлдір бұлақ" акциясы бастау алды. Бұл күні қонаевтықтар қалалық жағажайды қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Qonaev-gorod.
Өздеріңізге белгілі, Қонаев қаласының іргесінің қалануы Қапшағай су қоймасын салумен тығыз байланысты. Ал шаһардың туристік келбетін қалыптастырушы – Қапшағай мен оның жағасында орналасқан бизнес орындары. Жарты айдан кейін шомылу маусымы басталады. Сондықтан жағажайларды тазалап, ретке келтіру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету маңызды шаралардың бірі.