Ардагерлерге құрмет көрсету ҚАЖ саласында дәстүрге айналған игі шаралардың бірі. Іс-шараға арнайы соғысқа қатысушыларға теңестірілген ардагерлер, еңбек майданының қатысушылары, жауынгер-интернационалистері және ҚАЖ ардагерлері, сонымен қатар Департаментке қарасты мекеме және пробация басшылары шақырылды.
Салтанатты жиын Әнұран орындалуымен және Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың құттықтау сөзімен басталды. Шақырылған ардагерлерге құрмет көрсетіліп, алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар тарту етілді.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бір қызметкер мерзімінен бұрын арнайы атағын алса, бір қызметкер арнаулы атағынан бір саты жоғары атағын алды.