Ардагерлерді құрметтеу - ҚАЖ жүйесінде дәстүрге айналған игі шаралардың бірі.
Жеңіс Күні қарсаңында Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД басшылығы мен Алматы қаласы ҚАЖ ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ішкі істер министрінің құттықтауын соғысқа қатысушыға теңестірілген ардагерге тапсырды.
ІІМ басшысы полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов өзінің құттықтау хатында отставкадағы подполковник Виктор Кириллович Купраненковты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтап, ұзақ өмір тіледі.