18+

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №14 мекемесіне тыйым салынған заттардың ірі партиясын алып өтуге тырысты

Көлік-өткізу пунктінде "О.Н.Телепнев" жеке кәсіпкерлікке тиесілі мекеменің асханасынан биологиялық қалдықтарды шығаруды жүзеге асырған автокөлікке тексеріс жұмыстары жүргізілді.

ҚАЖ қызметкерлерінің қырағылығының және автокөлік құралының шанағының тиімді тексерісінің арқасында эмульсия шелегінде таспамен оралған байлам табылды, сондай-ақ кэш тәріздес жасырылған қос түбі бар штатлевканың шелегі анықталды.

Тінту барысында түрлі маркалы 28 ұялы телефон, 20 зарядтағыш құрал, 17 зарядтағыш сымдары , 11 құлаққап, 3 электронды темекі, "Beeline" SIM картасы, 6 шыны 0.5 л "Қазақстан" коньяк бөтелкесі, 3 шыны 0.5 л виски бөтелкесі, жасыл түсті өсімдік тектес зат және ақ түсті ұнтақ зат табылды және тәркіленді.

"Бұл факт бойынша жедел-тергеу тобы шақырылып, ұсталған жүргізушінің жеке басы анықталды. Ер адамға қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция басқармасына берілді", - деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.

Углеродные поглощения
22:34, 19 ноября
Назначение
15:54, 19 ноября