Қала аумағында шомылуға рұқсат берілген 97 аймақ бар. Былтыр 1 млн-нан астам демалушы келген. Биыл осы межеден асу жоспарланып отыр.
Жалпы шаһар аумағында 140 туризм нысаны орналасқан. Инвестициялық қаржыға бой көтеретін демалыс орындарының саны – 6. Оның 1-еуі биыл қолданысқа беріледі деп жоспарланған, екеуі құрылыс жұмыстарының 1-кезеңін аяқтап, былтырдан бері қызмет етуде. Ал басқа ғимараттар ағымдағы жөндеуден өтуде.
Қалалық жағажайда 40 кәсіпкер жұмыс жасайтын болады. Жауапты мекеме дәретханалар, 20 қоқыс жәшігін орнатады.
Сондай-ақ мұнда ақпараттық баннерлер ілініп, су көлігі тұрағы жасалады, белгіленген аумақта ғана жүзу үшін суға пластик заттар (буи) қойылады.
Жазғы маусымда қауіпсіздікті сақтау мақсатында 50 құтқарушы, 7 жүзу құралы жұмылдырылады.
Қаладағы туризм саласының дамуы үшін ауқымды іс-шаралар өтеді деп жоспарланған. Мысалы, 2023 жылы "Oceanмan", "Рок фестивалі", "Rock family fast" шарасы өткен.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі