Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атап өтеді. Осыған орай, "Азаматтарға арналған үкімет" арнайы статистика дайындады.
Мемлекеттік корпорация 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылды.
Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінен бастап еліміздің 328 мың азаматының тууы тіркелді. Аймақ бойынша 29725 (4 айда 9305) балаға туу туралы куәлік рәсімделді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде "Азаматтарға арналған үкіметке" азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.