"Жалынды жастар – Ел болашағы" тақырыбында өткен шарада жастар қаланың дамуы, оның келешегі жайлы толғандырған сұрақтарын қойды.
Мұнымен қоса, жүздесуде Асхат Ермекұлы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге атсалысқан азаматтарға алғысын жеткізіп, қиын-қыстау кезенде олардың еңбегі орасан екенін жеткізді.
Қала әкімі жас депутаттар, кәсіпкерлер, ұстаздар, құтқарушылар, "Қазақстан темір жолы" серіктестігі, "Парыз" жастар қоғамдық бірлестігі, "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалы және жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен волонтерлерге Алматы облысы әкімінің Алғыс хатын табыстады.