18+

Солтүстік жағажайлардың болашағы қандай?

Қонаев қаласының әкімі Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан демалыс аймақтарын аралап шықты, деп хабарлайды Qonaev-gorod   Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көшпелі жиында Бас жоспарға сәйкес, жағажайды абаттандыру, инвестиция тарту мәселелері қаралды. Алматы облысының бас сәулетшісі Болат Мұсылманбековтің сөзінше, алдымен жұмысты жол мен инженерлік желілерді тартудан бастау қажет. Ол үшін егжей-тегжейлі жоспар құрып, құжат әзірлеу қажет.

"Бұл жолдың ұзындығы 28 шақырымды құрайды. Жанында веложүргізушілер жолы болады, аталған жол бойымен инженерлік желілер салынуы тиіс. Қалалық жағажай мен бизнес орындарының орналасуына да мүмкіндік бар", - деді сәулетші.

Сонымен қатар ол Бас жоспарда туристер мен халықтың тегін жағажайға кедергісіз өту мәселесі қарастырылғанын айтты.

"Тиісті құжатты жасауды сәулет бөліміне тапсырамын. Жағалау бойында заманауи демалыс орындарын салу мақсатында инвестиция тарту маңызды. Нәтижелі жұмыс жасайық", – деді Асхат Бердіханов.

Әкім салалық бөлім басшыларына шомылу маусымында, әсіресе, солтүстік жағалауда қауіпсіздік іс-шараларының толық атқарылуын, күнделікті жағдайды бақылауда ұстап отыруды тапсырды.

Тогызкумалык
13:17, Сегодня
Легкая атлетика
14:31, Вчера