Әскери қызмет – әрбір жас жігіттің өміріндегі маңызды кезең. Кез – келген сарбаз қызметі аяқталғаннан кейін қосымша білім алуды армандайды. Дегенмен олардың оқуға түсуіне қабылдау емтихандары мен қаржы мәселесі себеп болады. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірлеген "Срочник 2.0" бағдарламасы көмекке келеді.
"СРОЧНИК 2.0" - әскерде қызмет ететін сарбаздар үшін емтихан тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама. Бұл бастама әскери қызметшілерді қабылдау процесін жеңілдету және олардың сапалы білім алуына көмектесу үшін жасалған.
Бұл көптеген сарбаздар үшін қабылдау сынақтарына дайындалуға уақыт жұмсамай, қызмет аяқталғаннан кейін бірден оқуды бастаудың нақты мүмкіндігіне айналды. Осы бағдарламаның арқасында сарбаздар кәсіби өсуге және жаңа білім алуға көңіл бөле алады.
"СРОЧНИК 2.0" бағдарламасы сарбаздарға білім беру мен кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Осы бастаманың арқасында көптеген әскери қызметшілер өздерінің оқу жоспарларын жүзеге асырып, кәсіби әскери дайындықтағы жаңа жетістіктерге ұмтыла алады.
"СРОЧНИК 2.0" бағдарламасының арқасында жастар тек кәсіптік білім алып қана қоймай, өз елінің қорғанысы мен қауіпсіздігіне елеулі үлес қосуға мүмкіндік алады. Бұл көзқарас өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар қоғам мен жалпы мемлекет дамуының маңызды аспектісі болып табылады.
Ал, егер сіз әлі әскерде қызмет етпеген болсаңыз және жоғары білім алуды армандасаңыз, мақсаттарыңызға жету үшін "срочник 2.0" бағдарламасын пайдалана аласыз!