18+

Қонаевта ішімдікті заңсыз сатқандарға айыппұл салынды

Бүгін қалалық кәсіпкерлік, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары бизнес орындарына рейд жүргізді.

Нәтижесінде Жамбыл көшесінде орналасқан дүңгіршекте алкоголь өнімдері заңсыз саудаланғаны анықталды. Кәсіпкерге қолданыстағы Заңның шеңберінде хаттама толтырып, 150 литр және 128 шөлмек сыра тәркіленді.

Ары қарай бизнес орыны иесінің ісі сотта қаралмақ.

Сондай-ақ бұл дүңгіршек заңсыз орналасқаны да анықталып, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңына сәйкес, 10 күн ішінде орнынан алу туралы хабарлама берілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Легкая атлетика
14:31, Вчера