Қонаев қаласының тұрғындары Абай көшесінің бойында саудамен айналысатындарға жиі шағымдануда.
Олардың айтуынша, саудагерлердің тығыз орналасуынан аяқ алып жүруге мүмкін емес әрі жәшіктер мен арнайы контейнерлер үнемі қоқысқа толып, шіріген жеміс-жидектің сасық иісі мүңкіп тұр.
Тұрғындардың бұл сөзімен коммуналдық қызмет көрсетуші компания өкілдері де келісіп отыр. Сөздерінше, көше сыпырушылар саудагерлерден кейін түннің ортасына дейін жұмыс жасауға мәжбүр.