Күн ысыса болды су жағасынан жанына сая іздейтіндер көбейеді. Сәйкесінше, осы уақытта төтенше жағдайлар департаменті мен жедел құтқару қызметінің де жұмысы еселенетіні белгілі.
Қауіпсіздік үшін облыстағы барлық су тоғанының жанынан жылда арнайы жасақ үздіксіз жұмыс жасау үшін жұмылдырылады, деп хабарлайды Qonaev-gorod.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар мұнда кезекпен 24 сағат жұмыс істейді. Мамандар маторлы қайық, құтқару кеудешелерімен және арнайы баллондармен қамтылған.
Ал рұқсат етілмеген аймақтарға суға түскендерге алдымен ескерту жасалады. Мамандар айтқан кеңеске құлақ түрмегендер айыппұл арқалайтынын тағыда еске салғанды жөн көреміз.