Бұл туралы Парламент депутаттарының өңір сақшыларымен кездесуі барысында облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов мәлімдеді.
Алматы облысында қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камераларын белсенді орнату жалғасуда. Қазіргі уақытта аула мен саябақтар, вокзал және сауда орындары сияқты қоғамдық орындарда 45 260 сыртқы бейнебақылау камералары орнатылған.