AMANAT партиясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Қастек өзенінің жағасын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Экологиялық іс-шараға барлық деңгейлімәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, ауыл тұрғындарықатысты.
Акцияға 100-ге жуық адам белсенділік танытып, туған өлкенің тазалығын сақтауғаөз үлестерін қосты. Жиналған 1,5 тонна қоқыс арнайы полигонға жіберілді.