Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №10 мекемесінде сотталған әйелдер арасында жыл сайынғы жазғы спартакиаданың ашылуы өтті.
Іс-шараның ашылуы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қадірлі қонақтар мен тәуелсіз төрешілер қатарында Шавкат Назаров - ҚР жазушылар одағының мүшесі, еңбек сіңірген қайраткер, Махмұд Ескіндіров - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, "Кентавр" дарынды спортшыларға көмек көрсету қоғамдық қорының президенті, Мәлікжан Заитов - еркін күрестен спорт шеберінің кандидаты, Ринат Авакриев - ушудан спорт шебері, джет кун додан спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберінің кандидаты және Әшім Құрбанов - суретші, еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшесі шақырылды.