Самсы ауылының тұрғыны өкпесінде қатерлі ісік барын тіркелген ауруханасындағы дәрігер-терапевтінен білген. 3 баласы бар науқастың айтуынша, ауру белгілері былтыр желтоқсан айында пайда болыпты.
Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әйел қызмет барысында өкпесі қысылып, жиі ентіге берген. Кейін бұл белгілер ауыр жөтелге ұласқан. Бірден дәрігерлер кеңесіне жүгінген.
Алдымен кеуде тұсын рентгенге түсіріп, қажетті зерттеулерден өткен. Одан кейін компьютерлік томография тексеруі тағайындалған. Жамбыл аудандық аурухасында терапия бөлімінің меңгерушісі тапсырылған сараптама нәтижесін мұқият шолып, өкпеде қатерлі ісік болуы мүмкін деген күдігін жеткізген.
Дәрігерлер өкпедегі қатерлі ісікті хирургиялық ем арқылы алу керектігін айтқан. Онкология және радиологиялық қазақ ғылыми-зертеу институтына жолдаманы Жамбыл аудандық ауруханасы берген. МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұрғын отадан, оған дейінгі зерттеулердің барлығынан тегін өткен.
Расымен, дәрігердің ауруды ерте анықтауы, қатерлі ісікті уақытында көзін жоюға сеп болған. Нәтижесінде науқас онкологиялық аурудан құлан таза айыққан. Ешқандай қосалқы, не кешенді емді қажет етпеген.
Қазірде жамбылдық азамат онкологиялық есепке алынған. Әр 3 ай сайын медициналық тексеруден, яғни скрининг, қажетті зерттеулерден өтіп тұрады. Мұнымен қоса, жолдама арқылы Алматыдағы онколог дәрігерлердің консультациясын да тегін алады.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі