Әлеуметті аз қамтылған отбасы балалары үшін мемлекеттік қолдау қашанда жоғары, әрі жүйелі. Жылда әр оқу жылының басында "мектепке жол" республикалық науқны бастау алады.
Аймақтың атқа мінерлері мен атымтай жомарт азаматтарының жәрдемінің арқасында санмыңдаған бала оқуға қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.
Алматы облысында жылдағы дәстүр бойынша "мектепке жол" акциясы өтуде. Науқан тамыз айының 20 жұлдызына дейін жалғасын табады. Облыстық білім басқармасының бас маманы Думан Даулетханұлының сөзіне сенсек, аймақта 432 мемлекетітк мектеп бар, онда 50 мың бала әлеуметтік көмекке мұқтаж. Айтуынша биыл да дәл осы мөлшерде оқушыларға көмек көрсетіледі.
Ал, Алматы облысы білім басқармасының "Орта білімді дамыту" бөлімінің бас маманы Айымгүл Саинқызы биыл әр балаға оқу құралдарын алуға 43 407 теңгеден қаржы бөлінгенін алға тартты. Тек, баланың қамқоршысы қаражат есеп шотына түскеннен кейін, қаржының қайда жұмсалғандығы туралы есеп өткізуі тиіс, дейді маман.