МӘМС шеңберінде науқастар шетелге емделуге жіберіледі немесе Қазақстан ауруханаларға операциялар жүргізу үшін шетелдік мамандарды шақырады.
Шетелде емделуге балалар да ересектер де құқылы. Ондай мүмкіндік елімізде жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке айғақтар болған кезде қарастырылады. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облысы филиалының директоры мәлімдеді.
Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, Алматы облысында 1 млн 200 мыңнан астам тұрғын сақтандыру мәртебесіне ие. Олардың 70-пайызына жуығы жеңілдік санатына жатады.