Алматы облысында 1 млн 500 мыңнан астам халық бар. Олардың 80 пайыздан астамы ауылдық жерде тұрады.
Аймақта ауыл медицинасының ахуалы күн санап жақсарып келеді. Мәселен, Қарасайға қарасты Елтай ауылдық округіндегі алғашқы медико-санитарлық көмек беру орталығы 27 мың 300-дей тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Мұндай мүмкіндіктерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі сеп болды, - дейді мекеме меңгерушісі.