18+

Қоныс колониясында сотталғандар арасында тәртіп бұзушылықты алдын-алу іс-шарасы өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №49 мекемесінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Құқық қорғау ұйымдарының, мамандандырылған прокуратураның және ҚАЖ департаментінің өкілдері жазасын өтеу тәртібін бұзған сотталғандармен кездесті.

ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты құқық бұзушылықтардың алдын алу, жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында қылмыстық-атқару заңнамасы мен күн тәртібінің талаптарын сақтау болып табылады.

Сотталғандармен жұмыс кездесуіне Алматы облысының Ұлттық алдын-алу тетігі басшысы Максим Кудрявцев, Алматы облысының қоғамдық-бақылау комиссиясының өкілі Оксана Ибрагимова, Алматы облысының мекемелерінде заңдылықтын сақталуын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратураның және ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері қатысты.

Пауэрлифтинг
11:36, 18 декабря