Алматы облысының 9 ауданынан келетін жергілікті шикізатты пайдалана отырып, өз өнімдерін өндіріп жүрген кәсіпкерлердің тауарлары қойылатын көрме Қонаев қаласында өткізілмек.
Жалпы, көрме "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтеді. Өздеріңіз білетіндей, "Бір ауыл – бір өнім" көрмесі алғаш рет Жапония елінен бастау алып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға біршама үлес қосқаннан кейін, бұл жоба өзге де елдерде жүзеге асырыла бастады.
Қазіргі кезде кәсіпкерлікке қызығушылық танытып, алайда, кәсіп бастаушы ауылдық аймақтарда тұрған жағдайда, бұл жоба ауыл тұрғындарына – өте қолайлы мүмкіндік. Себебі, қатысушы аймақтың ерекшеліктерін көрсететіндей, жергілікті ресурстарды пайдалана отырып өнім шығарған жағдайда, мемлекеттен қаржылай қолдау алып, сертификатталып және маркентигтік сүйемелдеуге де ие бола алады.