Бүгін елімізде Білім күні аталып өтуде. Бұл күні қала әкімі Асхат Бердіханов Д.Қонаев ат. №1 орта мектепте өткен салтанатты шараға қатысып, оқушыларды мерекемен құттықтады.
Мектептерде алғашқы қоңырау соғылды
"Қала және аймақ мектептерінде 1393 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. 1-сыныпқа келген оқушыларға талаптарың оң болсын деймін", – деді шаһар басшысы.
Сөз ортасында ол былтырғы оқу жылында білім алушылардың жеткен жетістіктеріне де тоқталды.
"2023-2024 оқу жылында облыстық деңгейдегі жарыстарда 18 оқушы, қалалық деңгейдегі байқаулар мен конкурстарда 45 оқушы жүлделі орындар алды. 18 мектеп түлегі мемлекеттік грантқа тапсырып, оның ішінде 15 оқушы, яғни 83,3%-ы мемлекеттік грант иегері атанды. Бұл – жақсы көрсеткіш. Биылғы оқу жылында жетістіктер арта түседі деп сенемін", – деді Асхат Бердіханов.
Шара барысында алғашқы қоңырау соғылып, балалар ән шырқап, би биледі. Айта кетейік, шаһардағы (ауылдарды қосқанда) 14 мектепте 12000-нан астам бала оқиды. Оның 44-і "Алтын белгіге" үміткер.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі