18+

ҚАЖ қызметкерлері ҚР Президентінің жолдауымен танысты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері ҚР Президентінің Жолдауын зерделеп, танысты, деп хабарлайды ҚАЖД баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылғы 2 қыркүйегінде жаңадан қалыптасқан қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, зерделеу өткізді. Оған ҚАЖ департаментінің жеке құрамы қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын мемлекеттік телеарналарда тікелей эфирде айтты. Елбасы Жолдауын Парламенттің кезекті сессиясының ашылуымен құттықтаудан бастап, жыл сайынғы дәстүрді үзбеді.

Жолдауда қандай бағыттар көрсетілсе де, ішкі немесе сыртқы саясат не әлеуметтік-экономикалық мәселелер, құқық пен руханият болсын – олардың барлығы бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру сияқты игілікті мақсаттарды бейнелейді.

ҚАЖ қызметкерлері Жолдауда белгіленген міндеттермен танысып, алдағы қойылған талаптарды орындауға бағыт-бағдар алды.

"Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз. Бүгін біз алға қойған жоспарымызды пысықтап, мақсаттарымызды айқындаймыз", - деп, атап өтті ҚР Президенті өз Жолдауында.

Пауэрлифтинг
11:36, 18 декабря