Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №14 мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасалды.
Шәй қорабының ішіне фольгаға оралған үш дана ұялы телефон, роутер және екі зарядтағыш құралды жасырған ер адам, оларды бандероль арқылы жіберді.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, заңсыз өткізу фактісінің жолы кесілді. Бандерольден ішінен шыққан тыйым салынған заттар тәркіленді.