18+

Қонаев қаласындағы балабақша қызметкерлері АЭС салу жобасына қолдау білдірді

Атом электр станциясын салу жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Қонаев қаласындағы "Нұр-бөбек" және "Гүлдер" балабақшаларының ұжымымен кездесті.

Жиынның мақсаты – атом энергетикасының ел болашағы үшін стратегиялық рөлімен АЭС құрылысының энергетикалық қауіпсіздікке тигізетін әсері туралы ақпаратберу болды. Балабақша қызметкерлері еліміздің болашақ ұрпағын тұрақты әрісенімді энергиямен қамтамасыз ету үшін жобаны қолдайтындарын білдірді.

Халықтық штаб өкілдері АЭС құрылысының еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіннығайтуға және тұрақты, экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етугебағытталғанын атап өтті.

"АЭС – бұл біздің болашағымыздың кепілі. Энергетикалық тәуелсіздікке қолжеткізудің және экономиканы тұрақты энергиямен қамтамасыз етудің еңсенімді жолы. Жаңартылатын энергия көздері жеткіліксіз болғандықтан, АЭС тұрақты, сенімді әрі экологиялық таза энергия көзі болып табылады", – деп атапөтті Халықтық штаб мүшесі Аслан Кубентаев.

Кездесуде сөз алған штаб мүшесі Серік Нұрқадыров та өз пікірін білдірді.

"Біз балаларымыздың болашағын ойласақ, оларды сенімді энергиямен қамтамасызетуіміз қажет. АЭС құрылысы – бұл еліміз үшін экономикалық және әлеуметтікдамудың маңызды қадамы, сондықтан осы жобаға қолдау білдіру –барлығымыздың ортақ міндетіміз", – деді ол.

Балабақша ұжымы да өз ойларын ортаға салып, АЭС салу жобасын толыққолдайтындарын жеткізді. Олардың айтуынша, елдің энергетикалық тұрақтылығыбалалардың жарқын болашағына жол ашып, қауіпсіз және сенімді энергияменқамтамасыз етеді.

Кездесу соңында Халықтық штаб өкілдері мұндай ақпараттық-насихатжұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыратынын және халықты АЭС жобасытуралы жан-жақты ақпараттандыруды басты мақсат етіп қойғандарын жеткізді.

Пауэрлифтинг
11:36, 18 декабря