Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №49 мекемесінде сотталғандардың мәдени-білім деңгейін арттыру және рухани дамуы мақсатында "Анаға құрмет" мұражайына баруы ұйымдастырылды.
Мұражай меңгерушісі Гүлнәр Әбіш қордағы ғасырлық тарихы бар әшекей-бұйымдармен, бас киімдер таныстырып, тарихы жайлы түсінік берді.