Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №71 мекемесінде қызметкерлер мекемеге тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермей алдын-алды.
Басқа біреудің мүлкін ұрлаған деген күдікпен қамауға алынған тергеудегі азаматтың ағасы есірткі затты тығып өткізуге тырысты. Алайда, тергеу изоляторы қызметкерлерінің қырағылығының арқасында есірткі заттар сусабын бөтелкесінен табылды.
Ер адам алдын-ала 200 мл шприцке есірткіге ұқсас жасыл заттарды салып, оларды сусабынның ішіне жасырып өткізбек болды. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, химиялық сот сараптамасына жіберілді.