Бүгінгі таңда кәсіпкерлер бақылаушы органдардың өз қызметіне тексеру жүргізу барысында қалыптасқан теріс тәжірибеге байланысты өз алаңдаушылықтарын білдіреді.
Кәсіпкерлік кодексінің 154 бабының 3 тармағының 7 тармақшасына (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодексінің) сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне – бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні, бұзушылықтар анықталған жағдайда – бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы олар аяқталған күні табыс етуге міндетті.