Бренд-комитеттің мүшелері болып, Кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ботабекова Ляззат, Кәсіпкерлер палатасының директорының экономикалық сұрақтары бойынша орынбасары Дуйсекенов Ержан, туризм салалық кеңесінің төрағасы Искаков Сункар, Байсаев Адам, "Даму" кәсіпкерлік АҚ директорының орынбасары Слямов Аслан, Ауылшаруашылықты басқару бойынша салалық кеңесінің өкілі Молдатаев Олжас, ҚР МТИ Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Сулейменов Исламбек, "Жетісу" телерадиокомпаниясының ЖШС директорының бірінші орынбасары Исаева Жазира үздік үштікті анықтау бойынша әділ төрелік етті.
Естеріңізде болса, тамыз айында Қонаев қаласының орталық алаңында "Бір ауыл – бір өнім" көрмесі өткен болатын. Көрмеге 80-ге жуық кәсіпкер қатысып, өз өнімдерімен таныстыра өткен-ді.
Көрмеде барлық талаптарға сай, ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты жоюға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып жүрген 10 үміткердің өнімі іріктелді.