Тұрыспек Доспанбетов қаладағы №949 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, сол жерде қызмет етіп жүрген жандарға, тұрғындарға батасын берді.
Қария 1955 жылы Іле ауылында дүниеге келген. Кейіннен Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Қапшағай қаласында 17 жыл бойы ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Одан бөлек, облыста бірнеше лауазымдарда болған.