Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекеме әкімшілігі өндірістік аймақта орналасқан кәсіпкерлермен жұмыс кездесуін ұйымдастырды.
Жиынға Ұлттық ұлан өкілдері де қатысты. Кездесудің мақсаты - өндірістің дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтау және жою.
Сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды қоса алғанда, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жұмысқа орналасқан сотталғандарға еңбекақы төлеу мәселесі де талқыланды. Жұмыс кездесуі соңында проблемалық мәселелерді шешу мерзімдері анықталды.
Іс-шара ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтандыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында өткізілді.