Бұған дейін мәлім еткеніміздей, қаладағы бірнеше нысанның құрылысын "SHEBERBUILD" ЖШС ұтып алған.
Оның бірі – №2,4,5 шағын аудандардың жылу желісін ауыстыру жобасы. Аталған серіктестікпен 2023 жылдың сәуір айында келісімшартқа қол қойылған. Мерзімінен кешіктіріліп жатқан жұмыстар бойынша ТҮКШ бөлімі бірнеше рет хат жолдап, мердігердің ісі сотта қаралды. Соңғы шешім әкімдіктің бөлімі тарапынан келісімшартты біржақты бұзу болды.
Содан кейін мемлекеттік сатып алу порталында жаңадан конкурс ойнатылып, "Ramboll Corp." ЖШС-мен келісімшартқа қол қойылды. Жаңа компания өз жұмысын бастап кетті. Қазір жылу құбырларының дұрыс жалғанып, жалғанбағаны тексеріліп, қазылған жерлер жабылып жатыр.