Алматы облысының орталығында "Таза Қазақстан" бағдарламасы жалғасуда.
Бұған дейін 4 және 5-шағынауданның тұрғындары сенбілікке шықса, осы жолы 3-ықшамауданның жұрты жаппай сенбілікке қатысты. Олардың қатарында еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін болды. Соның бірі – Айгерім Сәрсенбаева. Ол баласының бойына қазірден тазалық мәдениетін сіңіруге тырысып жатқанын айтты.