Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еліне еңбегі сіңген белгілі тұлға Куляш Абдезовамен кездесу өтті. Жастарға арналған шара "Болашақ жастардың қолында" тақырыбында өрбіді.
Куляш Нусуповна 1968 жылы Жамбыл қаласындағы гидромелиотивтік-құрылыс институтына оқуға түсіп, 1972 жылы бітірген. Сол қаладағы Қазақ ғылыми су-шаруашылық институтында инженер болып жұмыс істеп, аспирантураға түседі.
Шамалған ауылындағы су-шаруашылық колледжінд директордың оқу-тәрбие бөлімінің орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, кейіннен талай жылдар бойы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде оқытушы болып еңбек еткен. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, жергілікті депутат болып 2 мәрте сайланған.
Аудандық депутат болып 2 жыл қызмет атқарып, еліне еңбегін сіңірген. Өз кезегінде мемлекетке еткен қарқынды қызметі еленіп, бірнеше рет медальдармен марапатталды. Қазірде қоғам белсендісі – зейнеткер. Қазақтың қолөнерін ұлықтып, ұлттық мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып отыр. Шамалған ауылындағы Ардагерлер алқасының мүшесі.
Шараға қарасайлық жастар шақырылып, оларға Куляш Нусуповна келелі әңгіме айтып, білген-түйгенімен бөлісті. Шара мақсаты да сол - жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім ұялату, келешек ұрпаққа адамгершілікті, тәрбиелікті, мейірімділікті, қарапайымдылықты үйрету.