Сәби сүйгісі келетіндер көп. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің игілігі мол "Аңсаған сәби" бағдарламасы талай шаңыраққа үміт сыйлап отыр.
Бұл туралы Балқаш аудандық орталық ауруханасының бас акушер-гинекологы мәлімдеді. Айтуынша өңірде жылдан-жылға экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы сәби сүйгісі келетін жұптардың қатары көбейіп келеді.
Айтуынша, бұрын-соңды экстрокорпоральды ұрықтандыру үшін тегін квота алуға ауруханаға 7-8 балқаштық әйел жүгінсе, кейінгі жылдары олардың саны 13-ке дейін жетіп, жобаның шарапатын көрген.