Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті Үздік пенитенциарлық психологты анықтады.
ҚР ҚАЖ психологиялық қызметінің құрылуының 25 жылдығына орай, Алматы облыстарының мекемелерінің психологтарының арасында байқау өткізілді.
Әділ қазылар алқасы қатарында Алматы облысының ҚАЖ ардагерлер алқасының төрағасы, "Жанұя" отбасы қолдау орталығының басшысы және азаматтық сектордың білікті психолог мамандары орын алды. Іс-шараның қонақтары Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы облысы бойынша өкілі және мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары болды.