18+

Алматы облысында тұқым жинау апталығы өтті

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Алматы облысында тұқым жинау апталығы өткізілді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған бұл іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты, олардың қатарында орман шаруашылығы қызметкерлері, белсенді жастар, жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары мен колледж студенттері болды.

Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен "Бақанас орман шаруашылығы" мекемесінің аумағында қара сексеуіл ағашының 2000 кг тұқымы жиналды.

Сонымен қатар, облыс көлемінде орналасқан орман шаруашылығы мекемелері, аудан тұрғындары, белсенді жастар мен мектеп оқушылары Жиде, Шренк шыршасы және Қайын ағаштарының 350 кг тұқымын жинады.

Бұл акция табиғи ресурстарды қорғауға, ұрпаққа қалдыруға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Іс-шараның нәтижелері экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Углеродные поглощения
22:34, 19 ноября
Назначение
15:54, 19 ноября