Жыл басынан Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы 507 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін науқастарға үлестірді.
Бұл тіркеуде тұрған емделушілерге арналған тегін көмек түрі. Диагнозы әртүрлі науқастардың еміне сеп болу, олардың денсаулығын жақсарту мақсатында ұйымдастырылатын шара дәстүрлі түрде ай сайын өтеді.
Бүгінде көпсалалы ауруханада 8 мың емделуші есепте тұр. Олар әртүрлі диагнозы бар емделушілер. Әсіресе қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қарасы көп. Мұндай ауру түрлері ұзақ мерзімді емдеуді талап ететіндіктен, дәрі-дәрмекпен қамту маңызды.