Сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында Алматы облысы ҚАЖ мекемелерінің өндірістік объектілеріне бизнес өкілдерін тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде, сондай – ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау мақсатында ҚАЖ мекемелерінің аумағында жаңа өндірістерді іске қосу және сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін шағын және орта бизнесті тарту бойынша жұмыстар атқарылуда.
Кешенді жұмыстардың нәтижесінде, №57 мекемеде "Nat Group" еншілес компаниясы болып табылатын "Nat Invest" ірі ЖШС ашылды. Кәсіпорын корпустық жиһаз өндіру және ағаш өңдеу жобасын іске асыруда. ЖШС ашылуымен 30 сотталушы жұмысқа орналастырылды.