Қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын жазаның қолданылу тәртібі, яғни, қоғамдық жұмыстарға тарту- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 43 бабында көзделген.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның белгілі бір біліктілікті қажет етпейтін, тегін қоғамдық пайдалы жұмысты орындаудан тұрады және оны жергілікті атқарушы органдар оның тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда ұйымдастырады.
Сотпен қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдар жазасын бірнеше сағат бойы өтейді, олар көшелерді тазалау, саябақтарды абаттандыру, ағаштарды суару, жолдарды тазалау және т.б.