Қарасай ауданында жаңа айналма жол айрығы салынды. Бұл жоба Қарасай ауданының тұрғыны Зулхар Кулматанбетовтің өтініші негізінде қолға алынған болатын.
Зулхар Кулматанбетов бұл мәселені Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен өткен "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында көтерді. Тұрғынның өтінішін тыңдаған өңір басшысы мәселені шешуді назарға алатынын айтып, тиісті тапсырмалар берді.
Нәтижесінде, Жібек жолы ауылдық округінде айналма жол айрығы салынып, көптен күткен мәселе оң шешімін тапты. Ұзындығы 6 шақырымды құрайтын, төрт жолақты бұл автожол республикалық маңызы бар "Шамалған бекетін айналып өтіп, РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" бағытындағы көлік инфрақұрылымын жаңарту жобасы аясында жүзеге асырылды.
Айналма жол айрығы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының ықпалымен, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында іске қосылды.