Астанада "OrleTECH 3.0" қайырымдылық жобасы аясында ерекше жастарға арналған оқудың қорытындысы шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, тиісті дәрістер ағымдағы жылдың шілде айында басталған болатын. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1800 өтініш түсіп, оның ішінде 18 бен 35 жас аралығындағы 180 адам іріктеліп алынды. Олардың көпшілігі студенттер және әртүрлі топтағы мүгедектігі бар адамдар екенін атап өткен жайт.
Нәтижесінде оқушылар курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алса, ал 10 үздік жобаның авторлары ҮЕҰ-дан 100 000 теңгеге дейінгі коммерциялық тапсырыстарға ие болды.
Жобаға қатысушылар оқудың олар үшін сұранысқа ие цифрлық кәсіптерді меңгеру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар өмірден өз жолын табуға қарай жасалған қадам болғанын айтады. Олардың көпшілігі бағдарламаның өздеріне сенімді ұлғайтқанын, ал тәжірибелік дағдылар бұдан әрі жұмысқа орналасу көкжиегіне жол ашқанын әңгімелейді.
Лагерьдің ашылуында Қор басшысы Нұрлан Жақыпов мәлімдегендей, оқуға қатысушыларға "Самұрық-Қазына" тобының компаниялар тобынажұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.
Марапаттау рәсімінде "Самұрық-Қазына" қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қазіргі уақытта Қорда үш мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар қызметкер жұмыс істесе, тек соңғы 10 айда 447 адам жұмысқа орналасқанын жеткізді. Ол Қор ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолдау көрсетуді жалғастыратынын қоса кетті.
Айта кету керек, жобаны бірыңғай қайырымдылық операторы "Samruk-Kazyna Trust" қоры Shell және "IteachMe" қорымен бірлесіп жүзеге асыруда.