Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің ұйымдастыруымен, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жұмыс кездесуі өтті.
Жұмыс кездесуіне ҚАЖ Департаментінің, Алматы облысы және Алатау қалалық әкімдігінің, мамандандырылған прокуратура өкілдері және №14,12,57 мекеме басшылары, сондай-ақ кіші және орта бизнес өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Алматы облысының колонияларының өндірістік аймақтарындағы бос жерлерге құрастырмалы модульдік өндіріс орындарын орнату мәселесі талқыланды.
Кәсіпкерлерге жиыннан кейін №14 мекемедегі өндірістер мен бос аймақтар көрсетіліп, оларға Алматы облысының ҚАЖ мекемелерінде шығарылатын өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды.