Аталған шара халық арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттау мақсатында және "Нашақорлыққа жол жоқ!" ұранымен өтті.
Спартакиаданың ашылу салтанатына қала әкімі Асхат Бердіханов пен облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Дастан Жексенбеков қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қаладағы 8 шағынаудан мен Шеңгелді ауылының командалары қатысты. 100-ден астам спортшы 6 ойын түрі бойынша бақ сынасты. Оның қатарында гір тасын көтеру, арқан тарту, қол күресі секілді қазақтың ұлттық ойындары да болды.
Қорытынды бойынша бірінші орынды 3-ш/а-ның "Тұлпар" командасы иеленсе, екінші орынға 4-ш/а-ның "Барыс" командасы табан тіреді. Ал жүлделі үшінші орынға Сарыбұлақ ауылының "Алаш" командасы ие болды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі