8 желтоқсанда өткен Қонаев қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауда №1 сайлау округінен Алтаев Бахыт Найманұлы жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 747 дауысын жинап, өзге үміткерлерден айқын басымдықпен озып шықты, деп хабарлайды Qonaev-gorod "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайлауда басқа кандидаттар арасынан Қалиев Қанат Қайратұлы 328 дауыс, ал Тұрлыханов Мақсат Ержанұлы 217 дауыс жинады.
Сайлаушылардың жалпы тізіміне 3295 адам енгізіліп, оның ішінде 1694 адам өз таңдауларын жасады. Бұл көрсеткіш жалпы қатысу деңгейінің 51,4%-ын құрады. Сонымен қатар, 187 сайлаушы "Барлығына қарсы" таңдауын жасады.