Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №14 қауіпсіздігі орташа мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасалды.
Телефонды шұжықтың ішіне жасырған ана, оларды ұлына бандероль арқылы жіберді.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, заңсыз өткізу фактісінің жолы кесілді. Бандерольден ішінен шыққан "Samsung" маркалы ұялы телефон, Beeline сим-картасы және зарядтағыш құрал тәркіленді.